8 наурыз-Халықаралық әйелдер күніне арналған концерт туралы
Мамай негізгі мектебінде 8 наурыз-Халықаралық әйелдер күніне орай «Сарқылмайтын жылылық, Ана аты -ұлылық» концерт ұйымдастырылып өткізілді. Концертке барлық сынып оқушылары, сынып жетекшілер және конақтар қатысты. Концертімізді ұл балалар ашып берді. Концертті бастауыш сынып оқушылары флэшмобпен бастап, аналарға деген тақпақтарын айтты. 0-сынып оқушылары «Ана жаным» әнін аналарына табыс етті. 1-сынып оқушылары би билеп, өз өнерлерін көрсетті. 2,3 сынып оқушылары да «Джентельмен» биін жақсы биледі. Мектептің мұғалімдер ұжымы «Анашым» әнін орындады. 5-7 сынып оқушылары «Қыз сыны» атты әзіл-көрінісін қызықты қойды. Хойчбай Ермұраттың отбасылық тобы «Беу-айдай» халық әнін орындады. Барлық сынып оқушылары белсене қатысып, концертіміз жоғары деңгейде өтті. Келген қонақтар жақсы көңіл-күймен тарқады.