Қазақ тілінен ашық сабақ
Мамай негізгі мектебінің мұғалімі Қойшыбайұлы Ермұрат «Түбір мен қосымша» тақырыбында 2-сыныпта ашық сабақ өткізді. Сабақ оқытудың жаңа бағдарламасының мақсатына негізделе ұйымдастырылды. Сабақ жоспары сын тұрғысынан ойлау технологиясының «Ой шақыру», «Мағынаны тану», «Ой түйіндеу» кезеңдеріне сәйкес құрылды.
«Ой шақыру» кезеңінде оқушылардың алдағы тақырыпты болжаулары үшін «Сөз құрамы» ребусы шешілді. «Түбір» ұғымы туралы ертегі айтылды. Оқушылар «түбір мен қосымша», «жұрнақ пен жалғау» тақырыптарына байланысты түрлі тапсырмаларды (семантикалық карта, оқулықпен жұмыс, сәйкестендіру кестесі т. б.) орындады. Әрбір орындалған тапсырмадан кейін оқушылар бағалау парағына өздерін өздері бағалады. Сабақ соңында орташа бағалау балы шығарылды. Мұғалім оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай сергіту сәтін өткізді. Сабақтың барлық кезеңдері сақталып, ой түйін, рефлексия жасалды.