МАРАПАТТАУ ПАРАҒЫ
Мадақтама: «Біржан сал ауданы білім бөлімі» - 2022 жыл
«Үздік педагог - 2022» аудандықкезеңі III орын – 2022 жыл
«Қазақстан Республикасының Жоғары білім және ғылым министрлігі » - 2023 жыл
Құрмет грамотасы: «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола облыстық ұйымы» ҚБ – 2021 жыл
9. Үйінің мекенжайы: Ақмола облысы Біржан сал ауданы Мамай ауылы, Абылай хан көшесі, 29-үй
10. Жалпы жұмыс өтілі: 18 жыл
11. Саладағы жұмыс өтілі: 18 жыл - 6 балл
12. Аталған еңбек ұжымындағы жұмыс өтілі: 18 жыл
13. Марапатталушының нақты ерекше еңбегі және өлшемшарттарды ескере отырып, балдары көрсетілген мінездеме:
Барлығы: 42,5 балл оның ішінде:
Мамай ауылының негізгі орта мектебінің мұғалімі Хойчбай Ермурат аталмыш мектепте 2005 жылдан бері қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ретінде үздіксіз қызмет етіп келеді. Жалпы педагогикалық еңбек өтілі – 18 жыл. Білімі – жоғары. Ол 2000-2004 жылдар аралығында Щучье гуманитарлы-техникалық колледжін «Бастауыш сынып мұғалімі» мамандығымен үздік аяқтап, кейін 2005-2008 жылдары Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін «қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің бакалавры» мамандығы бойынша (сырттай) бітіріп шықты. Өзінің педагог-сарапшы педагогтік санатын 2019 жылы дәлелдеді. Ол өзінің педагогикалық еңбек жолында кәсіби-шығармашылық жағынан көптеген жетістіктерге жетіп, мектепшілік, аудандық сайыстарға өзі де, шәкірттері де жиі қатысып мектептің абыройын асқақататып жүрген ізденімпаз ұстаз.
2022 жылы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «Дәуірдің жарық жұлдызы» атты облыстық эссе конкурсында жүлделі 3-орынды, аудандық «Үздік педагог -2022» байқауында да 3- орынды иеленді. Облыстық кәсіподақ ұйымының «Құрмет грамотасымен» 2021 жылы, Ақмола облысы білім басқармасы басшысының «Алғыс хатымен» 2018 жылы марапатталды.
Мұғалімнің негізгі мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілетін, өздік танымдық біліктілігін дамыта отырып, білім сапасын арттыруды ұйымдастыру.
Өзінің кәсіби біліктілігін үнемі жетілдіріп отырады. Оның дәлелі ретінде 2022 жылдың қазан айында Көкшетау қаласындағы «Өрлеу» БҚБА институтында ұйымдастырылған «Білім беруді цифрлық трансформациялау жағдайындағы инновациялық менеджмент» тақырыбындағы курсты атап өтуге болады.
Сабақтарын қызықты да, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып өткізеді. Еліміздің ертеңгі болашағы деп үміттенетін бүгінгі жас ұрпаққа білім нәрін сеуіп, еңбексүйгіштік пен адамгершілікке тәрбиелеп, білімі мен өнегесін оқушыларға арнап, бойындағы бар күш-жігерін шәкірт тәрбиелеуге арнап жүрген білікті ұстаз.
Көп жылғы жемісті еңбегі үшін Хойчбай Ермурат марапатталды:
Алғыс хат /мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, 2020 ж./ - 1 балл
Алғыс хат /аудан әкімінің, 2022 ж./ - 1 балл
Мадақтама /аудандық дебатқа оқушы дайындағаны үшін, 2022 жыл/ -
1 балл
Құрмет грамотасы /облыс, 2021 ж./ – 2 балл
Алғыс хат /ҚР БҒМ, 2019 жыл/ - 3 балл
Аудандық: «Үздік педагог - 2022» - III орын - 0,5 балл
Диплом: III дәрежелі / облыс, 2022 жыл/ - 2 балл
Сертификат: / облыстық форум, 2023 жыл/ – 2 балл
Сертификат: Педагогикалық және ғылыми тәжірибені жинақтау, тарату, пайдалану. Өңіраралық /мақала, 2022 жыл/ - 3 балл
Куәлік: «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі», ««Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ – 2019 жыл – 12 балл Сертификат: «Ақмола облысы білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті» - 2019 жыл, - 2 балл
Сертификат: «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі», ««Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ – 2021 жыл – 2 балл
Сертификат: «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі», ««Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ – 2021 жыл – 2 балл
Сертификат: «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі», ««Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ – 2022 жыл – 2 балл
Сертификат: «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі», ««Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ, «Цифрлық сауаттылық негіздері» – 2023 жыл – 2 балл
Сертификат: «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі», ««Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ – 2023 жыл – 2 балл
Сертификат: «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі», ««Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ – 2023 жыл – 2 балл
Хойчбай Е. - белсенді азаматтық ұстанымы мен шығармашылық ізденісі бар адам. Ол мейірімділік және мұғалімнің кәсібіне деген сүйіспеншілік сияқты қасиеттерге ие.
Кандидатура «Ақмола облысының білім басқармасы» ММ комиссиясының 2023 жылғы 30 маусымдағы №4 хаттамасы бойынша талқыланған және ұсынылған.
Оқу ағарту министрінің Құрмет грамотасымен марапаттауға ұсынылады.
«Ақмола облысының
білім басқармасы» ММ басшысы
_______________________________
(қолы)
(тегі, аты, әкесінің аты)
«___» ________________ ж.
(толтырған күні)
мөрдің орны