Текст
14 мамыр күні 3,4 сыныпта «Мен және менің отбасым» атты сынып сағаты өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың отбасы туралы білімдерін шыңдай түсе, отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу.
Сабақ «Еркелету» жылулық шеңбермен басталды. Балалар ата-аналарының өздерін еркелеткен сөздерін айтты. Оқушылармен отбасы туралы әңгіме жүргізілді. Балаларды тапқырлыққа баулу мақсатында « Бұл кім?» ойын ойнатылды. Ойында оқушылар жасырынған отбасы мүшесін тауып, суретін ілді. Сабақта әр оқушы өз отбасын деген тілектерін білдіріп, жүрекше суреттеріне жазды.