Текст
Мамай негізгі мектебінде "Тіл - қасиет, тіл - қазына" тақырында өтіп жатқан Тілдер онкүндігінің кезекті іс-шарасы ұйымдастырылды. Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай "Абай әлемі - шексіз әлем" атты танымдық тәрбие сағаты 5-6-сыныптарда өткізілді. Жауапты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ермұрат Қойшыбайұлы. Танымдық тәрбие сағатында ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы сөз қозғалып, өлең оқылды, ән шырқалды. Дана философтың афоризмдері мен қарасөздері талданды. Оқушылар "Ғылым таппай мақтанба" өлеңінің мағынасын негізге ала отырып, "жақсы" мен "жаманды" ажыратты.