Мамай негізгі мектебінің 7-8-сынып оқушыларының қатысуымен, сынып жетекшісі Қойшыбайұлы Ермұраттың ұйымдастыруымен «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ» атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел барысында сынып жетекшісі «зорлық-зомбылық» ұғымы туралы түсінік берді. Сонымен қатар, отбасындағы зорлық-зомбылық, зорлық-зомбылықтың түрлері жайында ақпарат берілді. Оқушылар аталған тақырып бойынша өз ой-пікірлерін ортаға салып, көзқарастарын білдірді. Отбасындағы зорлық-зомбылықтың себептері мен салдары сараланды. Бала отбасында зорлық-зомбылыққа ұшыраған жағдайда қандай әрекеттер жасау керек екендігі, Қазақстан Республикасының Ата заңы мен бала құқықтары туралы Конвенцияда бала құқықтарының қорғалатыны толық жазылғандығы атап айтылды. Оқушыларға отбасындағы зорлық-зомбылыққа байланысты суреттер ұсынылып, жағдаяттар талқыланды. Дөңгелек үстел соңында Балалар «Дөңгелек үстел туралы мен не ойлаймын?»атты сауалнаманы толтырды. Сауалнамада отбасындағы зорлық-зомбылық, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас туралы тақырыптар қозғалды.
/public/files/2020/11/17/171120_115926_otbasynday-zorly-zombyly-dgelek-stel.docx